Бас мердігерлік

Бас мердігер қызметі құрылыс нысандарында құрылыс және инженерлік жұмыстардың толық кешенін басқаруды қамтиды.
Бас мердігер ретінде Ertle Stroy компанияcы негізгі талаптармен бекітілген жұмыс құжаттары мен мерзімдерін қатаң сақтап, сондай-ақ барлық іс-шараларды қауіпсіздік шараларына сай толық басқарады.
Ertle Stroy компаниясы тікелей қызметтерімен бірге, бас мердігер ретінде қосымша қызмет атқарады. Біз әрқашан жұмыстың сапалы және нақ белгіленген мерзімде, әріптестеріміздің талабына ыңғайлап орындалуын қамтамасыз етеміз.
БІЗДІҢ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ШЕШЕТІН МӘСЕЛЕЛЕРІМІЗ:

  • Тапсырыс берушінің және орындаушылардың арасындағы өзара толық түсіністігін қадағалау
  • Үйлестіру және қосалқы мердігерлік қызметін ұйымдастыру
  • жұмыстың орындалуын бақылау және ұйымдастыру
  • жоба қаражатын бақылау және оның тиесілі мақсатқа жұмсалуын ұйымдастыру
  • еңбекті қорғау, қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру және бақылау
  • құрылыс желісінен тысқары мамандармен байланыс жасау
  • бақылаушы ұйымдарымен тікелей өзара қарым-қатынас орнату
  • Қолға алған жұмыс түрлерінің жақсы нәтижеге жетуін қадағалау

Ertle Stroy компаниясының басшылығымен жасалатын әрбір жоба клиентке ерекше жеке ықыласпен, оның барлық талаптарын қатаң сақтау негізінде жүзеге асырылады.
Дамытылған, озық әдістемелерді қолдану арқасында бас мердігер қызметтері барлық қауіпсіздік талаптарын орындап, міндеттерді дәл көздеген мерзімде түрлі деңгейдегі күрделі құрылыс жобаларын іске асыруға мүмкіндік береді.