Жобалау және инжиниринг

Ertle Stroy компаниясы Қазақстандық және халықаралық құрылыстарда, өртке қарсы, санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес, жобалау-бағалау құжаттамаларын дайындау бойынша, жұмыстардың жан-жақты түрлерін ұсынады.
Ertle Stroy компаниясы халықаралық тәжірибеге ие, көптеген халықаралық инжинерлік жобалаушы компаниялармен бірлесіп қызмет етеді. Сондықтан ол әр жобаны Қазақстанның нормалары мен стандарттарына бейімдеп орындайды.
REVIT (3D) бағдарламасын пайдалануымыздың арқасында, біз құрылыс жұмыстарын тез және сапалы жүргіземіз.

Біздің компания жобалау қызметтерінің кең және жан-жақты түрлерін ұсынады:

  • Бастапқы жобаны, бас жоспарды дайындау
  • Құрылыс алаңын дизайнерлік жобалау
  • Қала құрылысы жер телімінің жоспарын жасау
  • Жобалық құжаттама дайындау
  • Сыртқы желілерді қосу жобалары және
  • Құрылыс жұмысын жүргізу құжаттамаларын дайындау

Жобалау жұмыстарынан басқа, Ertle Stroy компаниясы мемлекеттік ұйымдарда, жергілікті әкімшіліктерде жобаларды таныстырады, бірінші кезектегі рұқсат құжаттамаларын жинақтап, арнайы техникалық шарттарды әзірлеп,сонымен бірге, келісімге қол қоюды қамтамасыз етеді.
Жобалау қызметтері саласындағы елеулі тәжірибеміз негізінде, біз, жобаның талаптарына сәйкес, дәл уақытында және бөлінген қаржы шеңберінен шықпай, тапсырыс берушілерге жоғары сапалы қызмет көрсетуге дайынбыз.