КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

Ertle Stroy компаниясы – Қазақстанның құрылыс саласында жұмыс істейтін жоғары білікті мамандар тобы.
Компания Чернобыль Атом Электростанциясында қауіпсіз конфайнмент құрылысын, тұрғын үй және логистика, өндірістік және аграрлық-өнеркәсіптік кешендерді жобалаумен бірге, ірі инженерлік құрылыстарды жүзеге асырды.
Біздің компаниямыздың негізгі құндылықтары: жауапкершілік, сенімділік, жаңартушылық, біліктілік пен мақсаткерлік.
Біз Клиенттерімізбен бірге ұзақ мерзімді өзара тиімді және жоғары сапалы қызметтерге негізделген әріптестік қарым-қатынас құрамыз.
Біз одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеміз.
Ertle Stroy – тұрғын үй, сауда және өндірістік нысандарды тұрғызуда бас мердігер және бас жобалаушы.
Біздің компанияның іргетасын және негізін қалаған – атақты француз құрылыс компанияларында жобаларды жүргізген француздық инженерлер тобы. Озық тәсілдемелерді қолданып, халықаралық талаптарға сай, жаңа жобалау технологияларына негіздеп, біз кез келген жобаны уақытында және бюджет шеңберіне лайықтап орындаймыз.
Біз Клиенттерімізге ЕРС (Engineering, Procurement, Construction – Инженерлік жобалау, Жабдықтау, Құрылыс салу) келісімдерін ұсынамыз.
Ertle Строй компаниясы өзі қабылдаған міндеттемелерін нық ұстанады.