Жалпы құрылыс жұмыстары

Жалпы құрылыс жұмыстары– ғимараттарды тұрғызу бойынша мынадай кешенді жұмыстар: келісім-шартқа байланысты, құрылыс алаңын дайындау, аймақты геодезиялық түсіру, аумақтың осьтерін белгілеу тәрізді геодезиялық жұмыстар жүргізу, ірге тастарды құру, қабырғаларды, төбелерді тұрғызу, коммуналдық желілерді салу, соңғы әрлеу және аумақты қоршау жұмыстарын жүргізу.
Жалпы құрылыс жұмыстарының ішінде:
Дайындық жұмыстары – құрылыс алаңын қоқыстан тазалау, қажет болған жағдайда ауданды ескі құрылыстан бөлшектеу;
Қазба жұмыстары – топырақ жұмыстары, қада жұмыстары;
Тас жұмыстары – тас құрылымдарын (қабырғалар, бағаналар, аркалар және басқа тіректерді) жасанды тастан және блоктан салу.
Бетон және темір бетон жұмыстары – бетон дайындау, оны тасымалдау және тығыздап құю; темір бөлшектерінің арасын және түйісті құйып бекіту.
Құрылымдарды монтаждау – құрылыстың негізгі технологиялық тірегінің бірі. Өндірістік ғимараттар мен құрылыстардың көпшілігі темір бетон және металдан салынады.
Монтаждау әдістерін анықтау келесідей: ғимараттың құрылымдық ерекшеліктерін зерттеу, құрастырушы бөлшектердің салмағы мен құрылыс алаңының бедерлерін өлшеу, монтаждау жабдықтарын есептеу, құрылыс талаптарының шарттарын қатаң қадағалау тәрізді факторлерді еске алып, техникалық-экономикалық талдау арқылы жүзеге асырылады.
Шатырлау жұмыстары – тікелей орнату, құрылыс, оқшаулау және шатырды жаңадан орнатып немесе жөндеуге байланысты іс-шараларды кешенді жүргізу.
Ertle Строй компаниясы, сондай-ақ, құрылыстың бас мердігері ретінде қызмет көрсете алады.